Universal Code of Conduct/Revised enforcement guidelines/Announcement/Voting/Email/kk
Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасына дауыс беру басталды
Сәлеметсіздер $USERNAME,
Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасына дауыс беру кезеңі басталды! Дауыс беру уақыты екі аптаға созылады және 2023 жылғы 31 қаңтар күні сағат 23:59-да (UTC) аяқталады. Кімдер дауыс бере алатыны, сондай-ақ қалай дауыс беру керектігі туралы білу үшін Meta-wiki сайтындағы дауыс берушілерге арналған ақпарат бетіне өтіңіз.
2023 жылғы қаңтардың ортасында Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық қауымдастықтың екінші ратификациялық дауыс беруіне салынады. Бұл шара 2022 жылдың наурызындағы дауыс беру шарасының жалғасы болмақ, ол кезде дауыс берушілердің көбі ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты қолдаған еді. Дауыс беру кезінде қатысушылар қауымдастықтағы маңызды мәселелерді атап өтуге көмектесті. Қамқоршылық кеңесінің Қауымдастық істері бойынша комитеті сол аталып өткен мәселелердің қарастырылуын сұрады.
Еріктілер басқаратын Қайта қарастыру комитеті қауымдастық ұсыныстарын тексеріп, өзгерістер енгізу үшін біраз тер төкті. Олар оқыту және бекіту талаптары, жұмыс барысындағы құпиялық пен ашықтық, құжаттың оқуға және аударуға ыңғайлы болуы сияқты өзекті мәселелерді жетілдірді.
Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын мына жерден, ал өзгерістер арасындағы айырмашылықты мына жерден көруге болады.
Дауыстарды тәуелсіз еріктілер тобы мұқият тексереді. Дауыс беру нәтижесі Wikimedia-l жүйесінде, Қозғалыс стратегиясының форумында, Diff блогінде, сондай-ақ Meta-wiki сайтында жарияланады. Дауыс берушілер қайтадан дауыс беріп, нұсқаулық туралы пікір білдіре алады. Қамқоршылар кеңесі ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың ратификациялануын немесе одан әрі жетілдірілуін қарастырғанда, қолдау көрсету мен қозғалған мәселелер деңгейін ескереді.
ӘӘК жобасы тобының атынан,
This mail has been sent to you as you have registered your email address with the Wikimedia Foundation. To remove yourself from future election notifications, please add your user name to the Wikimedia No Mail List.
Plain text version
Сәлеметсіздер $username, Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасына <https://meta.wikimedia.org/wiki/Special:MyLanguage/Universal_Code_of_Conduct/Revised_enforcement_guidelines> дауыс беру кезеңі басталды! Дауыс беру уақыты екі аптаға созылады және 2023 жылғы 31 қаңтар күні сағат 23:59-да (UTC) аяқталады. Кімдер дауыс бере алатыны, сондай-ақ қалай дауыс беру керектігі туралы білу үшін Meta-wiki сайтындағы дауыс берушілерге арналған ақпарат <https://meta.wikimedia.org/wiki/Special:MyLanguage/Universal_Code_of_Conduct/Revised_enforcement_guidelines/Voter_information> бетіне өтіңіз. 2023 жылғы қаңтардың ортасында Әмбебап әдеп кодексінің <https://meta.wikimedia.org/wiki/Special:MyLanguage/Universal_Code_of_Conduct> орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық қауымдастықтың екінші ратификациялық дауыс беруіне салынады. Бұл шара 2022 жылдың наурызындағы дауыс беру <https://meta.wikimedia.org/wiki/Special:MyLanguage/Universal_Code_of_Conduct/Enforcement_guidelines/Voting/Results> шарасының жалғасы болмақ, ол кезде дауыс берушілердің көбі ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты қолдаған еді. Дауыс беру кезінде қатысушылар қауымдастықтағы маңызды мәселелерді атап өтуге көмектесті. Қамқоршылық кеңесінің Қауымдастық істері бойынша комитеті сол аталып өткен мәселелердің қарастырылуын сұрады. Еріктілер басқаратын Қайта қарастыру комитеті қауымдастық ұсыныстарын тексеріп, өзгерістер енгізу үшін біраз тер төкті. Олар оқыту және бекіту талаптары, жұмыс барысындағы құпиялық пен ашықтық, құжаттың оқуға және аударуға ыңғайлы болуы сияқты өзекті мәселелерді жетілдірді. Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын мына жерден <https://meta.wikimedia.org/wiki/Special:MyLanguage/Universal_Code_of_Conduct/Revised_enforcement_guidelines>, ал өзгерістер арасындағы айырмашылықты мына жерден <https://meta.wikimedia.org/wiki/Special:MyLanguage/Universal_Code_of_Conduct/Revised_enforcement_guidelines/Comparison> көруге болады. Дауыстарды тәуелсіз еріктілер тобы мұқият тексереді. Дауыс беру нәтижесі Wikimedia-l жүйесінде, Қозғалыс стратегиясының форумында, Diff блогінде, сондай-ақ Meta-wiki сайтында жарияланады. Дауыс берушілер қайтадан дауыс беріп, нұсқаулық туралы пікір білдіре алады. Қамқоршылар кеңесі ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың ратификациялануын немесе одан әрі жетілдірілуін қарастырғанда, қолдау көрсету мен қозғалған мәселелер деңгейін ескереді. ӘӘК жобасы тобының атынан, This mail has been sent to you as you have registered your email address with the Wikimedia Foundation. To remove yourself from future election notifications, please add your user name to the Wikimedia No Mail List <https://meta.wikimedia.org/wiki/Wikimedia_nomail_list>.