Орталық Азия WikiCon 2025 конференциясы/Өтініштер
Бұл бетте Орталық Азия WikiCon 2025 конференциясында сессия өткізуге өтініш беру жөніндегі жалпы ақпарат пен нұсқаулықтар беріледі.
Маңызды даталар
- Өтініштерді қабылдау басталатын уақыт: 2025 жылғы 15 қаңтар 00:00 (UTC).
- Өтініштерді қабылдау аяқталатын уақыт: 2025 жылғы 22 наурыз 23:59 (UTC).
Сессия түрлері
Конференциядағы сессиялар бірнеше форматта ұйымдастырылады, төмендегі тізімнен керегін таңдай аласыз:
- Лекция: бір немесе бірнеше баяндамашы презентация ұсынады, артынша аудиториядан сұрақтар мен пікірлер айтылады. Лекцияға берілетін жалпы уақыт (сұрақтар мен пікірлерді қоса алғанда) – ең көбі 30 минут.
- Демонстрация: бір баяндамашы бір құралмен, жұмыс ағынымен немесе бағдарламамен жұмыс істеу әдісін таныстырады. Демонстрацияға берілетін жалпы уақыт (сұрақтар мен пікірлерді қоса алғанда) – ең көбі 60 минут.
- Панельдік талқы: бірнеше қатысушыдан құралған шағын топ белгілі бір тақырып туралы баяндама жасайды немесе талқы жүргізеді әрі аудиториядан сұрақтар мен ұсыныстар алып отырады. Панельдік талқыға берілетін жалпы уақыт – ең көбі 60 минут.
- Семинар: бір немесе екі модератор аудиториямен белсенді түрде араласу арқылы бір тақырып ұсынады. Семинарға берілетін жалпы уақыт – ең көбі 90 минут.
- Қысқаша сөз сөйлеу: бір баяндамашы сөз сөйлейді, бірақ соңында аудиториядан сұрақ не пікір болмайды. Қысқаша сөз сөйлеуге берілетін жалпы уақыт – 5 минут.
- Дөңгелек үстел: 10—15 адамнан құралған топ белгілі бір тақырыпты талқылайды. Дөңгелек үстелге берілетін жалпы уақыт – ең көбі 45 минут.
- Постер: тақырып конференция өтетін жерде қойылатын плакатта ұсынылады.
Ескертпелер:
- Барлық сессия түрі конференцияның негізгі бағдарламасына енгізіледі.
- Сессияларға берілген стандартты уақытқа залды ауыстыруға қажет уақыт кірмейді.
Өтініш беру үлгісі
Өтініш беру үлгісінде сізден мынадай ақпарат сұралады:
- ұсынатын сессияңыздың атауы;
- ұсыныста қамтылатын жалпы тақырыптар;
- қатысуға қажет білім мен түсінік деңгейі;
- автордың/авторлардың есімі және олар тиесілі уики қауысдастықтың атауы;
- ұсыныс тақырыбын сипаттайтын аңдатпа;
- ұсыныстың қаншалықты пайдалы болатыны туралы қысқаша мәлімдеме.
Сізден ұсынған сессияңызға қанша уақыт кететіні туралы сұралмайды, себебі әр сессияның бекітілген уақыты бар және сіз оны ұстануыңыз керек (Сессия түрлері бөлімін қараңыз). Сол себепті ұсынысыңызды арнайы сессия түрінің ұзақтығына сай бейімдегеніңізге көз жеткізіңіз.
Ұсынатын сессияңызға қосымша құралдар, ресурстар немесе материалдар қажет болса, я болмаса арнайы сұрауларыңыз (мысалы, видеоға түсірмеу не хабар таратпау, аудармашыға деген қажеттілік) болса, оларды "Арнайы талаптар" бөліміне қосып қойсаңыз болады.
Бағдарламаға өтінішті қалай беруге болады?
Сессияға өтінішті мына қадамдарды орындау арқылы бере аласыз:
- 0-қадам: өтінішті жібермес бұрын мета-уики сайтындағы тіркелгіңізге (тікелей немесе жаһандық Уикимедиа тіркелгісі арқылы) кіргеніңізді тексеріп алыңыз.
- 1-қадам: ұсынған сессияңыздың тақырыбын төмендегі мәтін өрістерінің біріне енгізіңіз. Өтініш беру үлгілері ағылшын және орыс тілдерінде дайындалған, өйткені олар – сессия өткізуге ұсынылатын тілдер. Дегенмен ағылшынша не орысша үлгілерді пайдалану және барлық өрісті қажет тілде толтыру арқылы қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек және тәжік тілдерінде сессия ұсына аласыз.
- 2-қадам: жаңа өтініш үлгісінің бетін жасау үшін толтырылған мәтін өрісінің астындағы "Ұсыныс жіберу" түймесін басыңыз.
- 3-қадам: өтініш беру үлгісін ұсынысыңыздағы барлық дерекпен толтырыңыз да, ұсынысты жіберу үшін бетті сақтаңыз.
Жіберіліп қойған сессия ұсыныстарын осы беттен көре аласыз.
Ескертпе: ұсыныс жіберу арқылы мына шарттарға келісесіз:
- ұсынысыңыздың аңдатпасы мен оған қатысты слайдтар Creative Commons Attribution Share-Alike Licence 3.0 лицензиясы аясында жарияланады;
- сессиялар мақұлданғаннан кейін, бағдарлама комитеті олардың әрқайсысын авторларымен немесе ұйымдастырушыларымен егжей-тегжейлі талқылайды;
- Сессиялар конференция кезінде трансляциялануы және/немесе бейнеге жазылуы мүмкін. Сессия кезінде сізді бейнеге түсіргенін қаламасаңыз, оны өтініш жіберген кезде арнайы талап ретінде көрсетіңіз. Қатысушыларымызға қандай да бір жолмен зияны тиетін болса, сессияны трансляцияламаймыз да, бейнеге жазбаймыз.
Бізбен байланысу
Қандай да бір сұрақ немесе пікіріңіз болса, бізбен мына мекенжай арқылы хабарласыңыз: CAWikiCon25gmail
com.
Презентация үлгісі
Презентацияңыз болып тұрып, алайда оны ұсыну материалы ("қаңқасы") болмай тұрса, Орталық Азия WikiCon 2025 конференциясына арнап жасап қойған үлгімізді пайдалана аласыз. Ол мына жерде тұр (Google Slide форматында); Файл ► Көшірме жасау ► Бүкіл презентация тармағын басу арқылы көшірмесін жасап алыңыз да, әрі қарай өз ыңғайыңызға қарай реттеп алыңыз.