Jump to content

Орталық Азиялық УикиКон 2025/Стипендия

From Meta, a Wikimedia project coordination wiki
This page is a translated version of the page Central Asian WikiCon 2025/Scholarship and the translation is 100% complete.

Орталық Азиялық УикиКон 2025 конференциясы 2025 жылғы 19–20 сәуірде Өзбекстанның Ташкент қаласында өтеді. Бұл стипендиялар конференцияға жеке барып қатысқысы келетін қауымдастық мүшелеріне қолдау көрсетуге арналған. Стипендиялар конференцияға әралуандық пен инклюзивтікті ескере отырып қатысуға мүмкіндік беретін Уикимедиа қорының қаржылық қолдауымен ұсынылады.

Хронологиясы

  • Стипендияға өтініш қабылдау 2024 жылғы 1 желтоқсанда басталады In progress…
  • Стипендияға өтініш қабылдау 2024 жылғы 30 желтоқсанда аяқталады
  • Стипендия комитетінің үміткерлердің сәйкестігін бағалауы: 2025 жылғы 1–14 қаңтар
  • Үміткерлерге соңғы шешім туралы хабарланатын уақыт: 2025 жылғы 20–25 қаңтар
  • Стиепендия иегерлерінің соңғы әрі нақты тізімі жарияланатын уақыт: 2025 жылғы 31 қаңтарға қарай

Өтініш бере алатын қатысушылар

Уикипедия, Ортаққор, Уикиқайнар және т.с.с. Уикимедиа жобаларына үлес қосатын кез келген белсенді қатысушы немесе кез келген дәрежедегі Орталық Азиялық (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Иранды қосқанда) Уикимедиа волонтері стипендияға үміткер бола алады. Уикимедиа CEE Хаб, Түркі тілдерінің қатысушылар тобы, сондай-ақ ШОШТМ Хабындағы жергілікті қауымдастық мүшелерін де өтініш беруге шақырамыз.

Уикимедиа қозғалысындағы кез келген үлесіңіз (кез келген дәрежеде, онлайн не офлайн болсын) бағалау кезінде басты шарт болмақ. Уикимедиадан тыс ашық білім, тегін бағдарламалық жасақтама бойынша бірлесіп жасалған жұмыс, оқу-танымдық бастамалар пайдалы болады, бірақ міндетті емес.

Стипендиялар

Қатысушыларға шамамен 45 стипендия беріледі деп болжанып отыр.

Стипендиялар ұшақ рейстерін, жататын жерді, жергілікті көлік тасымалын, конференция барысындағы тіскебасарлар мен тамақты қамтиды.

Конференция кезінде балаңызға қарай тұру бойынша көмек керек болса, ол туралы стипендия өтінішінде жазып кетіңіз. Қол үшін беруге дайынбыз.

Өтініш беру

Стипендияға өтінішті төменде ұсынылған кез келген тілде толтыруға болады. Ағылшын тілінде болғанын қаласақ та, үлгіні қазақ, қырғыз, өзбек, орыс, тәжік және парсы тілдерінде де толтыра беруіңізге болады. Төмендегі сілтемелерден өзіңізге ыңғайлы тілде берілген үлгіні толтырыңыз:

Байланысу

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, бізге мына мекенжайға хабарласыңыз: CAWikiCon25@gmail.com